12 ақпанда "Самұрық-Қазына " ҰӘҚ" АҚ Басқармасының отырысы өтті. Отырыс барысында "QazaqGaz" ҰК " АҚ Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамын өзгеріссіз сақтау туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім компанияның корпоративтік басқаруының тұрақтылығын және елдің газ саласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың жалғасып жатқанын көрсетеді.