QazaqGaz және Eni арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлерін кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. 2024-2025 жылдары жобаларды басқару, активтердің тұтастығы, тәуекелдерді бағалау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша бірқатар оқыту курстары сәтті өткізілді. Қазіргі уақытта 2026 жылдың III–IV тоқсанына арналған оқыту кестесі іске асырылуда. Project Economic Evaluation and Cost Management O&G Projects кезекті курсы 2026 жылғы 12-16 қазан аралығында өтеді. Ынтымақтастық қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және мұнай-газ саласындағы жобаларды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.